Қазақстан жаңалықтары17 ақпан 2024, 8:57

«Әлі де аяз қысады». Вице-министр үндеу жасады

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

16 ақпан күні таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша еліміздің 16 өңіріндегі автожолдардың 100 учаскесінде шектеу шаралары енгізілген еді.

«Ауа температурасының –350 С дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты отандастарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз.

Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –400С-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер әлі де сақталады», деді вице-министр.

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеу шаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам адам тартылған.

Сәтжан Аблалиев мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сәтжан Аблалиев Үндеу Аяз ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар