Әли Оқапов «Құрмет» орденінен бас тартпайтын болды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповтың «Құрмет» орденінен бас тартуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Әли Оқапов өз видеосын жүктеді ғой. Содан кейін мен министр ретінде ол кісімен сөйлестім. Ол кісі шығармашылық адамы болғаннан кейін бәрін эмоционалды тұрғыда қабылдаған. Өзі айтты: «Аида Ғалымқызы, шынымен де бәрі жан-жақтан талаған кезде, менің еңбегім емес деп, анаммен салыстырып жатқаннан кейін шыдамадым», - деді. «Қазір ондай сұрақ жоқ. Бәрі дұрыс», - деп өзі айтты. Яғни әншіге берілген атақ өзінде қалады», - деді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: