Әлиев Ресейді Әзербайжанның Киевтегі елшілігіне қасақана соққы деп айытады
Әзербайжан басшысының сөзінше, Ресей әскері Әзербайжанның Киевтегі өкілдігіне үш рет соққы жасаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан басшылығы бастапқыда алғашқы соққыны кездейсоқ жасалған шабуыл деп қабылдап, Ресей жағына Әзербайжанның Киевтегі дипломатиялық өкілдіктерінің (консулдық бөлім, мәдени орталық және елшілік) координаттарын берген.
"Соған қарамастан тағы екі соққы жасалды. Бұл Әзербайжанның дипломатиялық өкілдігіне жасалған мақсатты шабуыл" деді Әлиев.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Әлиевтің сөзі шындыққа сәйкес келмейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: