Алматы іргесіндегі су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Алматы іргесіндегі су қоймасы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

2017 жылы "Ворошиловское" су қоймасы 49 жылға жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген. 2021 жылы кәсіпкер қайтыс болып, басқару құқығы оның жесіріне өткен.

Бірақ басқару нашар орындалып, бақылау болмағандықтан 2024 жылы су қоймасының бас бөгеті жарылып, мемлекетке үлкен шығын келтірген.

Қаржы басқармасының шағымдарына дұрыс жауап бермеген жесірге қарсы сотқа талап-арыз түсірілді.

Алматы облысының экономикалық соты сенімгерлік шарт бұзылған деп танып, су қоймасын коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді.

Алматы Су қойма мемлекет

Тақырыпқа жаңалықтар