Қазақстан жаңалықтары31 мамыр 2024, 9:12

Алматы көшелерінде бірнеше күн көлік қозғалысы шектеледі

Алматы полиция департаменті жол қозғалысындағы шектеулерге байланысты тұрғындарға ескерту жасады. 30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шара өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

- 30-31 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.

- 2-3 маусым күні Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді.

- 5-6 маусымы Алматыда ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы болады.

«Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды.

Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді. Біз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз»,- деп хабарлады ведомстводан.

Алматы көлік қозғалысы шектеу халықаралық іс-шара

Тақырыпқа жаңалықтар