Қазақстан жаңалықтары18 мамыр 2024, 10:00

Алматы маңында мектептен өрт шықты

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан білім ордасынан өрт шықты. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдай Қарасай ауданының құрамына кіретін Жамбыл ауылындағы № 2 орта мектепте болған.

Аталмыш жағдайға байланысты Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Департамент мәліметінше, мектепте өрт шығуына диспенсер тоғының тұтануы себеп болған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

— 2024 жылы 17 мамыр күні Қаскелең қаласының 101 желісіне Жамбыл ауылындағы мектептен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Төтенше жағдайға байланысты дереу Алматы облысы ТЖД күш-құралдары жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін № 57 кабинеттің 3-қабатында 2 шаршы метр алаңда су диспенсерінің жанғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 22 қызметкер мен 9 техника, Алматы қаласынан 5 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды, — деп хабарлады Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

Алматы облысы Қарасай ауданы Мектеп Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар