Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды Arbat.media.

2025 жылғы 24 мамырда сағат 05:25-те Қазақстан аумағында тіркелген сейсмикалық желі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ғылыми орталығы» мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласына жақын орналаспағандықтан, Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеген. Қазір бұл сейсмикалық оқиға бойынша қосымша ақпараттар нақтыланып жатыр.

Алматы облыс Жер сілкінді

Тақырыпқа жаңалықтар