Қазақстан жаңалықтары24 мамыр 2024, 10:23

Алматы облысында ер адам терең шұңқырға құлап кетті

Алматы облысында ер адам тереңдігі 5 метр шұңқырға құлап кетті.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы жеке меншік үй аумағында 32 жастағы ер адам тереңдігі 5 метрге жуық шұңқырға құлап кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Көмекке республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар зардап шегушіні арқан және зембілдің көмегімен алып шықты»,- делінген хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ер адам оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұған дейін республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған үш қызға көмектескен болатын.

«РЖҚЖ құтқарушылары өтініш берушілерден Жапония жолының ауданына қарай геолокация бойынша шақыруға шықты. Үш қызды тапқаннан кейін жедел құтқару тобы оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті. Оларға медициналық көмек қажет емес еді», - делінген еді хабарламада.

Алматы облысы ер адам шұңқыр Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар