Алматы облысында жоғалып кеткен әйел 10 күннен бері табылмай жатыр
Алматы облысында 10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, Алматы облысында Кеген ауылының тұрғыны 1990 жылы туған Әбдіманапова Мөлдір Берікқызы із-түссіз жоғалып кетті.
Туысқандарының айтуынша, ол 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
«Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: