Алматыда 110 млн теңгеден астам қаржы жинаған пирамида ісі сотқа жолданды
Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы аталған жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Пирамида интернет-сайт пен мессенджерлер арқылы жұмыс істеп, азаматтарды «инвестиция» салуға тартқан.
Қатысушыларға түрлі пакеттер ұсынылып, күніне 5–10% табыс уәде етілген. Сондай-ақ жаңа адамдарды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе қолданылған.
Қаражат жеке тұлғалардың шоттары арқылы қабылданып, кейін криптовалютаға аударылған.
Нәтижесінде 78 адам 110 млн теңгеден астам қаржысынан айырылған.
Күдікті қамауға алынды. Оның мүлкіне шектеу қойылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: