Қазақстан жаңалықтары22 қараша 2023, 20:52

Алматыда әйелдің басын кесіп алған ер адамға сот үкімі өзгеріссіз қалды

Алматыда биыл көктемде әйелдің басын кесіп алған ер адамға қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін алқабилер мен сот үкіміне сәйкес И. асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Енді соттталушыдан сот үкіміне қатысты аппеляциялық шағым түсті. 

«Сотталушы И. отбасылық және өмірлік қиын жағдайда, онымен ары қарай қарым-қатынаста болғысы келмейтін азаматтық жұбайына материалдық тәуелді бола отырып, адамды өлтіруге шешім қабылдаған. И. қасақана кісі өлтіруді алдын-ала жоспарлап, жәбірленуші А.-ны наубайханаға жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен онымен кездесуді белгілейді. Осыдан кейін пышақпен әйелдің мойнын жарақаттаған соң, әйел қайтыс болады, кейінірек оның басын кесіп алады. Осыдан соң сотталушы бірге тұратын әйелге әсер ету үшін жәбірленушінің басын дүкендердің біріне апару туралы шешім қабылдаған», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тараптардың дәлелдері мен іс бойынша дәлелдемелерді зерделеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қорытындыға келді.

Алматы әйелдің басы қылмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар