Алматыда аса ауыр қылмыс жасаған шетелдіктер ұсталды
Алматыда көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.
11 қыркүйекте Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасаған 33 жастағы шетел азаматы 11 қыркүйек күні ұсталса, 49 жастағы тағы бір шетелдік 15 қыркүйекте қолға түсті. Олар үш жыл бойы есірткі құралдарын немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға шығарғаны үшін айыпты болып, мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Енді экстрадициялау мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: