Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр

Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін Алматыда Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Қаралы жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері және қала тұрғындары қатысып жатыр.

Еске салайық, белгілі кино және театр әртісі, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден озды.

Алматы Асанәлі Әшімов соңғы сапар Қоштасу

Тақырыпқа жаңалықтар