Қазақстан жаңалықтары23 желтоқсан 2023, 3:33

Алматыда автобустың бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды

Полицейлер Алматыда автобустың адамдарды қағып кеткен сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрдан адамдардың жол бойында тұрғанын және автобустың бар жылдамдықпен жеңіл көлікке соғылып, адамдарды қағып кеткенін көруге болады. 

«22 желтоқсанда сағат 18:15-те № 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы – «ДуманТрансКом» ЖШС) ішінде жолаушысы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған, салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалды. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты»,- деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті, тағы үш адам жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырды. 

Автобус жүргізушісіне қол көтерген жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Алматы Қалқаман автобус апаты
21 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
21 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар