Қазақстан жаңалықтары6 маусым 2024, 19:14

Алматыда автожөндеу зауыты мемлекетке қайтарылды

Алматыда төмен бағамен сатылған зауыт мемлекет меншігіне өтті. Алматы прокуратурасы «832 авторемонтный завод КИ» АҚ акцияларының 100 пайызын қайтарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қала прокуратурасы аталған акционерлік қоғамның жалғыз акционері активтердің құнын 310 миллион теңгеге төмендетіп, оны заңды тұлғаға сатқанын анықтады. Осы факті бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды», - деп атап өтті ведомстводан.

Осылайша, 2,5 мың шаршы метр және 1,87 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

автожөндеу зауыты Алматы мемлекетке қайтарылды

Тақырыпқа жаңалықтар