Алматыда бұрынғы әйелін балаларының көзінше ұрған ер адам қамауға алынды

Алматы полициясы кішкентай балалардың көзінше бұрынғы жұбайын аяусыз ұрып-соққан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әйелді экс-күйеуі 28 тамызда ұрып кеткен. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдейді, олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Оның айтуынша, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған.

Полиция департаменті бұған дейін ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

17 қыркүйекте Алматы полициясы күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Барлық материал объективті түрде қаралады, ал тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады", – деп қорытындылады ведомство.

Алматы полиция жұбай Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар