Алматыда ер адам екі жігітті пышақтап кетті

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам суық қарумен екі жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ақпаратты Әуезов ауданының полиция басқармасы растады. Тұрғын үй кешендерінің бірінде жанжал туындап, тұрғындардың бірі суық қару қолданған. Жарақат алған екі жігітке медициналық көмек көрсетіліп, күдіктінің кім екені анықталды.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат Пышақ ер адам

Тақырыпқа жаңалықтар