Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін өлтірді. Полицияның мәліметінше, қылмысқа екі адамның арасындағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға Алматыда болды. Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, ер адам азаматтық некедегі әйелінің өгей әкесін бірнеше рет пышақтап өлтірген. Желіде қанды қылмыстың бейнесі тарады. Оқиғаны жасөспірімдер бейнеге түсіріп алған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: