Алматыда қызметінен қуылған полицей мұнараға шығып, наразылық білдірді
Алматыда жұмысынан босатылған полиция қызметкері наразылығын қаладағы биік мұнараның төбесіне шығып білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрдан арқасына рюкзак асынып алған полиция формасындағы ер адамды көруге болады. Ол Алматы көшелерінің бірінің бойында орналасқан мұнараға өрмелеп шығып барады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Осы жағдайға қатысты Полиция депараменті түсінік берді.
«Аталған полицей қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және теріс әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Оның қызметке қайта оралуы туралы талаптар бірнеше сатыдағы сотта қаралып, өзгеріссіз қалдырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: