Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Алматы қаласында жүргізілген тергеу амалдары аясында Санжар Боқаев Қылмыстық-процестік кодекстің 128–131-баптарына сәйкес ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған. Аталған видеоларда жекелеген адамдардың саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы көрсетілген.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, Боқаев бұл әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған болуы мүмкін. Ол үшін табысы төмен азаматтарды тартып, оларға заңсыз ағаш кесу мен ұрлық жасауға ақша ұсынған деген күдік бар.

Сонымен қатар ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке де ілінген.

Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Алматы Боқаев белсенді Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар