Алматыда сәуле терапиясы орталығы ашылды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Densawlıq saqtaw mïnïstrligi
Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2024, 14:00

Алматыда сәуле терапиясы орталығы ашылды

Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында заманауи сәуле терапиясы орталығының ашылуы онкологиялық көмектің сапасын және пациенттер үшін диагностика мен емдеудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыру жолында қадам жасауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, орталық жаңа сәуле аппараттармен - жаңа нұсқадағы желілік үдеткіштерімен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» ҚҚ қаржылық қолдауымен сатып алынған компьютерлік томографпен жабдықталған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа жабдықта диагностиканың дәлдігі мен жылдамдығының маңыздылығын, бұл жалпы қатерлі ісіктері бар пациенттерді емдеудің тиімділігін арттыратынын ерекше атап өтті.

Сәуле терапиясын көрсету үшін елімізде сәулелік жабдықтың 32 қондырғысы бар, сондай-ақ 6 томотерапия аппараты жұмыс істейді.

ДСМ сәуле терапиясы орталығы Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар