Ауылдардағы жол, су, жылуды дамытуға 7,5 трлн теңге бөлінеді

Ауылдардағы жол, су, жылу және басқа инфрақұрылым мәселелеріне қанша қаржы қарастырылған?

2027-2029 жылдардағы бюджет бойынша аймақтық, ауылдық елді-мекендерді дамытуға 7,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі айтты,деп хабарлайды,Arbat.Media.

«7,5 трлн теңге - осы аймақтарды дамытуға жұмсалатын қаражат. 2026 жыл бұл сома 4,8 трлн еді. Яғни, оның ішінде біз нысаналы трансферт ретінде, халықты, бизнесті қолдау бойынша шығыстар қарастырылған. 7,5 трлн теңге жалпы экономиканы дамытуға, оның ішінде аймақтарды дамытуға бағытталған», - деді вице-министр Абзал Бейсенбекұлы.

инфрақұрылым Жол Су Экономика

Тақырыпқа жаңалықтар