Алматыда тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді
Алматыда тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы қаласының Медеу ауданында Кеңсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды.
Оқиға орнында ТЖМ мамандары өртті оқшаулау және жою жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.
Көп ұзамай Алматыда тау бөктеріндегі өрт толық сөндірілді. Өрт 15 гектарды шарпыды.
Оқиға орнында 99-ға жуық ТЖМ қызметкері және 39-дан астам техника жұмылдырылды.Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: