Алматыда террорлық акт жасамақшы болғандар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда террорлық актінің алдын алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Комитет мәліметінше, террорлық актіні 5 шетелдік азамат 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарлаған. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Арасындағы алты адамның шетелдік екені анықталды.