Алматыда жаңа автобустар жолға шығады
Алматының Түрксіб ауданында осы жылдың соңына дейін жеті бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров мәлім етті.
Бақытжан Ақжаровтың сөзінше, жаңа қоғамдық көліктер №8, 13, 17, 38, 46, 47, 69, 130 бағдарларға шығатын болады.
«Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Қайрат шағын ауданынан Райымбек метро станциясына дейін №9 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бағытта барлығы 8 автобус жүреді», - деді ол.
2024 жылы балаларды шалғайдағы шағын аудандардан тасымалдайтын «Мектеп автобусы» жобасы кеңейтіледі. Түрксіб ауданында 7 мектеп автобусы бар. Олар ауданның бес мектебінен – №20, 32, 162, 115 және 89 балаларды тасымалдайды.
Алматыда 2025 жылдың соңына қарай дизельмен жүретін автобустар болмайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Алматы жұртшылығымен кездесуінде ескірген және экологиялық жағынан көп залал келтіретін көлік түрлерінен бас тарту керек екенін айтқан болатын.