Қазақстан жаңалықтары24 сәуір 2024, 7:23

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 14 адам сотталды

Алматыда былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойыша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам сотталды. Казино мен ойын автоматтары залдары Қапшағай және Ақмола облысының Щучье ауданынан басқа жерлерде ашу заңсыз. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында TikTok желісінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ставкаларды қабылдау, банктік аударымдар арқылы ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындар фактісі анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев айтты.

«Алматыда 2023 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 тұлғаға қатысты сот үкімі шығып, олар сотталды, 3 іс қаралып жатыр. Департамент өндірісінде — 5 қылмыстық іс тергелуде. Заңсыз айналымнан 111 монитор, 102 процессор және ойын терминалы тәркіленіп, 1 500 терминал жойылды. Күдікті сайттардың сілтемесі бұғатталды. Оны тексеру барысында, бірнеше адамның төрт ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 млнға жуық кіріс тапқаны дәлелденді», — деді Сабырғали Балғалиев.

 

Ойын бизнесі Алматы заңсыз сот

Тақырыпқа жаңалықтар