Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 8:04

Алматыда жартылай марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

21 сәуірде спортсүйер қауым үшін Алматы жартылай марафоны өтеді. Биыл жетінші рет рет өтетін іс-шарада қатысушылар қаланың басты көшелерімен жүгіріп өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы әкімдігі оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 21 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатынын мәлім етті.

Жарыс өтетін күні қаланың мына жолдары жабылады:

Жарыс Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.

Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.

Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.

 

Алматы Марафон көшелер жабылу

Тақырыпқа жаңалықтар