Алматыда жоғалған ер адамның денесі табылды
Алматыда жоғалған ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Полицейлер 29 қарашада үйінен шығып, оралмаған із-түзсіз жоғалған Тимур Поповтың денесін тапты.
«7 желтоқсан күні сағат 11.00-де полиция қызметкерлері оның әйеліне телефоннан SOS сигналы түскен жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан Талғарқа өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Жоғалған ер адамның денесі судан табылды», - делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: