Алматыда жылыту маусымы басталды
Алматыда әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Алматы жылу желілері» мекемесі медицина, білім мекемелері мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу береді.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылады.
Жылу беру кезегі:
— балалар, емдеу, мектеп мекемесі, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер:
— тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
— әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
— басқа да ғимараттар.
«Алматы жылу желілері» жылуды тұрғын үй басқару органдарына дейін жеткізеді, әрі қарай әр үйдің дайындығына солар жауапты. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесіне қызмет көрсететін апаттық (сервистік) қызметтер — ПИК, МИБ апаттық жағдай болмаса, жылу беруді өз бетінше орындауы керек немесе осы қызметті орындайтын мекемені жалдауға тиіс».