Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жер үйлердің бағасы күрт көтерілді
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қалада жеке сектордағы үйлердің бағасы қымбаттай түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қазақстан риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты деп жазады Kazinform агенттігі жазады.
«Жер сілкінісінен кейін жеке сектордағы нысандарды сату мен жалдауға қызығушылықтың біршама артқаны байқалды. Осының аясында кей адамдар бағаны аздап көтерді. Бірақ, мұндай қызығушылық мәмілелерге еш әсер етпеді. Бұл жайт үй мен пәтер бойынша мәмілелер құрылымындағы үлестің қайта бөлінуіне айта қоярлықтай әсер етеді деп айта алмаймын», — деді ол.
Оның атап өтуінше, жер сілкінісінен кейін үй-жайлардың қауіпсіздігін тексеру мәселесі өткір көтерілді.
«Жер сілкінісінен кейінгі алаңдаушылық тұрғын үйлердің немесе ескі тұрғын үй қорының қауіпсіздігі, үйлердің тектоникалық опырылу қаупі бар аймақта орналасуы, ғимараттардың беріктігі сынды мәселелерді талқылауға қарай ойысты. Дегенмен, сарапшылардың сендіруінше, үйлер аймақтың сейсмикалық қаупі ескеріле отырып салынады. Құрылыс барысында қажетті өлшемшарттар сақталады. Яғни, алаңдауға еш негіз жоқ», — деді Нина Лукьяненко.