«Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» беру тәртібіне өзгеріс енгізілді
Фото: gov.kz
gov.kz
Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2024, 11:23

«Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» беру тәртібіне өзгеріс енгізілді

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алып, мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталды. Оның орнына ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Енді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тек Қазақстан азаматтарына беріледі.

Осыған байланысты аналардан Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы талап етіледі.

Орден мен медальды, төсбелгі мен оған арналған құжатты толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.

 

Алтын алқаъ мемлекеттік наградалар Заң Өзгеріс

Тақырыпқа жаңалықтар