Amanat барлық рәсім аяқталғанша жұмысын жалғастырады

«Әділет» партиясы Саяси бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлының айтуынша, тиісті рәсімдер шамамен жарты жылға созылуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Биліктің Amanat партиясы жаңа құрылған "Әділетке" қосылды.

Бұл шешім дауыс беру арқылы қабылданды. Делегаттар бірауыздан мақұлдады.

Қарсы болғандар мен қалыс қалғандар жоқ.

Жиынға партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері, түрлі салалық қауымдастықтар мен сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.

Съезд күн тәртібінде партияның алдағы даму бағыты, «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылу мәселесі, өңірлік филиалдарды құру және ұйымдық құрылымды нығайту мәселелері қаралады.

Аманат партия Қызмет әділет

Тақырыпқа жаңалықтар