Қазақстан жаңалықтары5 қараша 2023, 3:58

Ақмола облысында жоғалған қыз табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін Астанадан табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бойжеткенді облыс орталығы аумағынан бөлек, Астана қаласынан да іздеді.

— Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туысқандарына тапсырды, — деді ведомстводан.

Еске салсақ, қарашаның 2-де сағат 21:06 шамасында Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, жиені Диана Ерланқызы Ыбраеваны (05.04.2005 жылғы) іздеп табуға көмек сұраған.

Әйелдің сөзінше, жиені жергілікті колледждердің бірінде оқиды. Сол күні сағат 14:00 шамасында құрбыларымен серуендеуге кетіп, қайтып оралмаған.

 

Ақмола облысы жоғалған қыз табылды

Тақырыпқа жаңалықтар