Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Шортанды ауданындағы тасжолда болған. Chevrolet Cobalt көлігі аударылып кеткен.

«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

облыс Жол апаты Көлік Ақмола

Тақырыпқа жаңалықтар