Қазақстан жаңалықтары11 желтоқсан 2023, 16:44

Ақмоладағы студент өліміне қатысы бар 4 адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ақмола облысындағы студент өліміне түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл оқиғаның мән-жайын анықтадық. Іс тергелді, бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Бірақ бұл жағдай кісі өлтіру емес екені анық. Біз мұны дәлелдедік. Дегенмен бұзақылық, бопсалау деректері болды. Бұл тұрғыда жәбірленушімен бұрын таныс болған төрт адам жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Атап айтқанда, студенттің суицид жасағаны анықталды», — деді Е. Саденов Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Биыл 7 қазанда Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылған.

19 жастағы студент бір күн бұрын өзіне қол жұмсаған.

Кейіннен Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне аталған істің мән-жайын жан-жақты тексеруді тапсырды.

Жақында Шучьедегі студент өліміне қатысты іс сот қарауына жіберіледі.

Ақмола облысы студент өлімі Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар