Ақша жымқырып қашып жүрген қарағандылық ұсталды

44 млн теңгені жымқырып, қашып жүрген қарағандылық дүкенге барамын деп қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

2023 жылдан бері іздеуде жүрген 37 жастағы Қарағанды тұрғыны Алматыда ұсталды.

Заңнан қашып жүрген күдікті супермаркеттердің біріне барғанда «Сергекке» түсіп қалған.

Нейрожелі оны іздеуде жүргендер базасымен салыстырып, кім екенін анықтаған.

Ол Қарағандыға этаппен жеткізіліп, қамауға алынды.

Енді оның пробациялық бақылауы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылмақ.

Күдікті Тергеу сот Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар