Ақсуда зауыттың үш қызметкері күйіп қалды
Ақсу ферроқорытпа зауытында үш қызметкерді күйік шалды. Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш қызметкер жұмыс барысында күйіп қалған. Зауыт өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты.
"Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаториялық емдеуде", - делінген хабарламада.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды. Компания өкілдерінің айтуынша, қызметкерлерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: