Ақтауда алимент борышкері 45 млн теңгесін букмекерге жұмсаған
Прокурорлар алимент төлемей жүрген 13 борышкердің 73,3 млн теңге кірісті жасырғанын анықтады. Алимент бойынша борышкер А. 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңседегі жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі болса да, ол сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында 85 мың теңге жалақыға жұмысқа формальды ғана орналасқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Аталған факт бойынша прокуратура ҚР ҚК-нің 139-бабымен тергеу бастады.
Жыл басынан бері прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеу басталған, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.
Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары бар екенін қатаң ескертеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: