Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді

Бұл қатарға мектеп, мектепке дейінгі және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар кіреді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мектептерде – 420 мыңға жуық, мектепке дейінгі ұйымдарда – 104 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Барлық деңгейде әйел мамандардың үлесі басым.

Педагогтер арасында тәжірибелі мамандардың үлесі де жоғары. Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. 73 мыңнан астам маман білім беру саласында 20–30 жыл еңбек етіп келеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 5 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары.

Мектеп Кәсіптік ұйым Педагогтар мамандық

Тақырыпқа жаңалықтар