Жаңбыр, қар және көктайғақ: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» 6–8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Бірқатар өңірде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Сонымен қатар көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы өңірлерге қарай өзгереді. Батыста +2...+22°C, солтүстік-батыс пен солтүстікте -6...+20°C, шығыс пен орталықта 0...+15°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +2...+22°C аралығында болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы 1–3°C аяздан +14°C-қа дейін көтеріледі.

Казгидромет Ауа райы Жаңбыр болжам

Тақырыпқа жаңалықтар