Ақтауда балалар алаңын өртеген екі қызға қатысты ата-аналары жауапқа тартылуы мүмкін
Ақтауда екі қыздың матрасты өртеп, жалынның балалар алаңына таралуына себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Салдарынан резіңке жабын, әткеншектер мен ойын кешені зақымданған. Келтірілген шығын 4 млн 890 мың теңгеге бағаланды.
Өрт 11 қазанда 32А шағынауданындағы №15 үйдің ауласында болған. Тұрғындар балалар алаңынан шыққан түтінді байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Алғашында құтқарушылар қоқыс жанғанын хабарлаған. Кейін алаңда жатқан матрасты ойнап жүрген қыздардың өртегені белгілі болды.
Құрылыс салушы «Болашақ Өзен» ЖШС полицияның оқиғаға қатысы бар екі қызды анықтағанын мәлімдеді. Компания мүлікке келтірілген шығынды өндіріп алу үшін құқық қорғау органдарына арыз дайындаған
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: