Ақтауда қызды зорлаймын деп қорқытқан ер адам ұсталды

Ақтауда қызды зорлаймын деп қорқытқан ер адам 30 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұндай шешімді сот шығарды.

Оқиға 2 тамыз күні Ақтау қаласының жағалауында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қызды жібермей ұстап тұрғаны және оған ашық түрде зорлаймын деп қорқытқаны көрінеді. Оқиғаға куә болған адамдар жанжалдың алдын алуға тырысқан.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі полиция материалдары, медициналық сараптама қорытындысы және оқиға орнындағы бейнежазбалар арқылы дәлелденді.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бап бойынша ең жоғары жаза – 30 тәулік әкімшілік қамау тағайындады.

Ақтау Қылмыс жігіт Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар