Ақтөбе облысында оқушы жүкті болып қалды

Ақтөбе облысында оқушы жүкті болып қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түнгі рейд кезінде жасөспірім бірнеше рет ұсталып, ескерту алған.

«Бұған дейін білім беру мекемесі оқушыға, ата-анасына ескерту жасады. Ол профилактикалық есепте тұр», - дейді облыстық білім басқармасы.

Оқушыға бақылау орнатылған. Нәтижесінде қыздың жүкті екені анықталды.

Полиция жасөспіріммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақтөбе облыс Жүкті Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар