Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

23 мамыр күні Ақтөбедегі Тұргенев көшесінде өтіп бара жатқан тұрғындар қоқыс контейнері маңынан сәбидің жылаған дауысын естіген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар тексеріп көргенде, пакеттің ішінде жаңа туған нәресте жатқанын байқап қалған.

Куәгерлер сәбиді дереу алып шығып, жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер нәрестені дер кезінде ауруханаға жеткізді.

Қазіргі уақытта полиция баланың анасын анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Қоқысқа тасталған шақалақтың өмірін бей-жай қарамаған адамдар құтқарып қалды.

 

Ақтөбе Сәби нәресте қоқыс

Тақырыпқа жаңалықтар