Жоқ пәтерлерді жалға ұсынған: Қарағандыда студенттерді алдаған әйел ұсталды

31 жастағы тұрғын желіде студенттерге арзан пәтер жалға беретінін айтып жалған хабарландыру жариялаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол интернеттен алынған пәтер суреттерін пайдаланып, алдын ала төлем алған. Кейін байланысқа шықпай қойған.

Полиция әйелге қатысты 10 алаяқтық дерегін анықтады. Зардап шеккен студенттерге келтірілген шығын 2,2 млн теңге.

Полиция күдіктінің бұған дейін де алаяқтық іске қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Студент Пәтер Жалға Алаяқтық

Тақырыпқа жаңалықтар