Ақтөбеде қызын зорлады деп айыпталған әке сотталды
Фото: freepik.com
freepik.com
Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2024, 11:00

Ақтөбеде қызын зорлады деп айыпталған әке сотталды

Ақтөбеде қызын зорлаған 48 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мәжбүрлі түрде емделеді. Қылмыстық іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, 48 жастағы ер адам Қостанай облысының тумасы болғанымен Ақтөбеде тұрған. Орта білімді, жұмыссыз ер адамның отбасы бар. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сотталушы И. Х-ты айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Педагогикалық және жасөспірімдермен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын. Жазасын өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі деп белгіленсін. Психотропты заттарды тұтынуына байланысты психиатрға мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілсін», - деді судья Н.Бақтығалиев, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оқиға 2021-2023 жылдары аралағында болған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлауы ықтимал күдіктілер үйқамаққа алынды.

Ақтөбе қызын зорлаған сотталды

Тақырыпқа жаңалықтар