Ақтөбеде сарбазды ұрып, жарақаттаған сержант 1 жылға сотталды
Ақтөбе гарнизонының әскери соты мерзімді әскери қызметшінің денсаулығына зиян келтірген сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот мәліметінше, сержант сарбазға орташа ауырлықтағы дене жарақатын салған. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған.
Алайда оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, жәбірленуші мен куәлардың, сондай-ақ сарапшының айғақтарымен дәлелденген.
Сот сержантты Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: