Ақтөбедегі жарылыстан аман қалған ер адамның жағдайы белгілі болды
Ақтөбедегі автогаз құю станциясында болған өрттен ауыр жарақат алған ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың денесінің 45 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр болғанымен, ол есін біледі және негізгі өмірлік көрсеткіштері тұрақты.
«Науқасқа қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында», – деп хабарлады медицина қызметкерлері.
Еске салайық, 19 маусым күні Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, салдарынан үш адам қаза тапқан болатын. Оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: