«АрселорМиттал Теміртаудан» қымбат мүлік ұрлағандар тергеліп жатыр

«АрселорМиттал Теміртаудан» 1,8 млрд теңгенің мүлкін ұрлағандар тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «АлбаСтройДор» ЖШС директоры С.Кимге қатысты тергеу басталған.

2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» мен «АлбаСтройДор» арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Алайда Ким өндірістік нысандарға еркін кіріп-шығатынын пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығаруға «Күзет» ЖШС күзет ұйымы тартылған. Қызметкерлер автокөліктерді бақылаусыз өткізіп отырған.

Салдарынан жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

Күдікті Ким 2 айға қамауға алынды.

Теміртау ұрлық млрд бақылау

Тақырыпқа жаңалықтар