Асанәлі Әшімов көз жұмды

Актер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Актердің қазасы жайлы журналист, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы директоры Бауыржан Халиолла Facebook-парақшасында жазды.

“Ұлы жүрек тоқтады. Ғасыр адамы – Аасанәлі ағаның соңғы сағаты соғыпты...” – деп жазды ол.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор.

Асанәлі Әшімов Актер көз жұмды кино

Тақырыпқа жаңалықтар